Бестөбе жер асты су кен орны - Қостанай облысы, Қамысты ауданы жерінде орналасқан. 1966 жылы барланған.
Геологиялық құрылымы Кен орны карсталған төменгі тас көмір жыныстары мен қуаттылығы 26 м миоценнің су тұтқыш құмдарынан түзілген. Жер асты суының деңгейі 1,5-7,5 м аралығында. Өнімді қабаттың жалпы қалыңдығы 100 м. Ұңғымалардың белгілі бір мерзімде беретін су мөлшері 13 л/с. Суы Қамысты ауылымен жақын орналасқан ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы кен орындары