Борис Константинович Цыбин (11 наурыз 1935 жыл, Саратов, РСФСР, КСРО) — КСРО-лық волейболшы, футболшы, спорт журналисі. Өмірбаяны Волейболдан "Динамо" (Алмаы) командасында ойнаған, республикалық чемпионатының бірнеше дүркін күміс жүлдегері. Саратов университетінің физика жене геофизика факультетін бітірген, Туланың көмір кен орындарында жұмысшы, бұрғылау шебері болып істеді. Волейболдан КСРО жасөспірімдер командасының мүшесі (1954), "Сокол" (Саратов) футбол командасының қақпашысы, "Б" класы командалары арасындағы КСРО чемпионатына қатысушы. КСРО Журналистер одағының мүшесі. Спорт тақырыбы бойынша 12 деректі кинофильмдердің авторы.

1974- 90 жылдары Қазақстан бойынша "Советский спорт" газетінің меншікті тілшісі, Қазақстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің мүшесі. ҚР-дағы славян қозғалысының жетекшісі, "Достық" орденінің, "Астана" медалінің иегері. ҚР Ішкі істер министрлігі үздігі, Ішкі істер қызметінің полковнигі.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша волейболшылар Санат:КСРО волейболшылары Санат:Спорт журналистері Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:КСРО футболшылары Санат:Сокол Саратов ФК ойыншылары Санат:Алфавит бойынша журналистер