Амантау – Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан тау, Қарсақпай мен Тенек өзендерінің аралығында.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданында. Абсолюттік биіктігі 373 м. Ұзындығы мен ені 2,5 – 3 км.

Жер бедері Шығыс беткейінің баурайын көптеген көлдер, батысын сор алып жатыр. Беткейі жазық, жыралармен тілімденген.

Өсімдігі Қара қоңыр топырағында қараған, сұлыбас, қылқанбоз, т.б. шөптесін өсімдіктер өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары