Алаайғыр қорғасын кен орны – Қарағанды облысы Шет ауданы жеріндегі кен орны.
Геологиялық құрылымы Кен денесі Успен тектоникалық алқабының шығысында, Қарағайлы-Алаайғыр кенді ауданының құрамында күшті жентектелу, уатылу белдемінде гидротермаль процестер әсерінен түсі ағарған девонның қышқыл эффузивтері арасында біткен. Линза тәрізді кен денелері тектоникалық белдемге бағыттас, салалана орналасады. Кен сеппе, тарам, тұтас күйінде кездеседі.
Минералдары thumb|left|120px|галенит Кен минералдары: күмісті галенит, пирит, сфалерит, халькопирит, церуссит, англезит; кен емес минералдар: серицит, хлорит, кварц, барит. Ежелгі «Чуд қазбалары» көптеп кездеседі. Кенді карьер арқылы өндіруге болады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары