Көкиірім – Алқамерген көлінің солтүстігіндегі тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданы Жұмыскер ауылының батысында 82 км жерде орналасқан. Ертіс өзені алабында. Теңіз деңгейінен 151,8 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 5,7 км², ұзындығы 5 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 14,6 км. Жағалауы негізінен жайпақ, пішіні доға тәрізді. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қарашаның алғашқы жартысында суы қатып, сәуірдің басында ериді. Жағалауы мал жайылымына пайдаланылады.

Санат:Май ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы