Кемер – Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты темір жол станциясының оңтүстік-батысында 72 км жерде орналасқан төбе.
Жер бедері Абсалютті биіктігі 563 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, ені 700 – 900 м. Оқшауланған Кемердің пішіні сопақша келген. Маңында Сарықұс, Қараобa, Мұқтар төбелері мен Көпшоқыр, Жақсықұдық құдықтары бар.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы девон жүйесінің төменгі және орта жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, қау, тобылғы өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.”Қазақстан Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары