Кезеңшабдыра, Кезеңшабыр – Мұзбел қыратының оңтүстік-батысындағы шоқылар.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақтүбек ауылының оңтүстік-шығысында 27 км жерде орналасқан. Құланөтпес өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 422 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Тіктеу келген беткейлері етегіндегі ұсақ шоқылар мен дөңді жазықтарға ұласады. Баурайындағы бұлақтардан Жаманкөң, Құланөтпес өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстік беткейі Кезең шоқыларымен жалғасады.

Геологиялық құрылымы Пермь жүйесінің төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, ажырық, шалғынды дала өсімдіктері өседі.”Қазақ энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары