Жауһар, гарадиолюс () – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда барлық аймақтарда кездесетін 2 түрі (имек жауһар, қанатты жауһар) бар. Бұлардың биіктігі 5 – 30 (40) см, сабағы бұтақты, түкті кейде тықыр. Шеттері ойық, тісті қарапайым жапырақтары болады. Гүлдері сары түсті, тілшікті. Гүлсебеттері аз гүлді, сабақтың бұтақтанған жерінде орналасады. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Тұқымдары цилиндр тәрізді, имек болады.«Қазақ Энциклопедиясы»

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер