Жартас құм кен орны - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында орналасқан. 1982 жылы ашылған. Нұра өзенінің 2-жайылмалық террасасымен ұштасып жатыр.

Геологиялық құрылымы, сипаты Жартас құм кені қимасының төменгі бөлігі аллювийлі құмды-қиыршықтасты шөгіндісінен, аллювийлі ұсақ түйірлі кварц құмынан түзілген. Жоғарғы өнімді қабаттың орташа қалыңдығы 3 м. Құрамы жағынан құм кварцты дала шпаты болып келеді, жұмырланған кварц түйірлерінің мөлшері 50-70%-ға, дала шпаттары түйірлері 30-50%-ға жетеді. Табиғи күйінде сылау-қалау ерітінділерін дайындауға болады. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары