Жантау – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының солтүстігіндегі тау. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 км-ге созылған, ені 8 км. Ең биік жері 1217 м.

Геологиялық құрылымы Кембрий жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Сай-жыра, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлақтарға бай, Қараменде, Найманбай өзендері бастау алады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, бұталар өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары