Жаманкөң – Нұраның төменгі алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде. Ұзындығы 85 км, су жиналатын алабы 5780 км2.
Бастауы Бастауын Ұлытаудың солтүстік-шығыс етегіндегі Желтимес, Қабанбай және Сарыжал тауларынан алып, Құланөтпес ауылы тұсында Көң өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қар және жер асты суларымен толығады. Арнасы жоғары жағында енсіз (50 – 80 м), төмен қарай кеңейеді (100 м-ге дейін). Жылдық орташа су ағымы 2,04 м3/с. Жайылым суландырылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы