Тағдыр мен қаза ( қаза уа қадар)
Этимология Тағдыр () Аллаһтың алдын ала білген ғылымы мен даналығының талабы бойынша бүкіл тіршілікке арнап өлшеген мөлшері.
Қаза () Орындалған шешім
Тағдырдың төрт бөлімі
Тағдырға иман келтіру төрт түрлі нәрсені мазмұндайды: әл `Ильм العلم әл-Ъильм – Білім: Аллаһ тағала өз жаратылысың не жасағанын, болашақта не жасайтынын біледі, оның ішінде уақыты мен орны.
Аллаһ тағала барлық нәрсені жалпылама да, егжейтегжейлі де біледі. Бұл нәрселер Аллаһтың өз істеріне немесе пенделерінің істеріне қатысты болсын бәрібір.
Китабат كتابة Китабат – Жазу:
Соны Аллаһ ләухул-махфузға жазып қойғандығына сену. Бұл жөнінде Аллаһ тағала:
Мүслимнің сахих кітабында Абдуллаһ ибн Әмр ибн әл-Әстан риуаят етілген хадисте: Мен пайғамбардың : «Аллаһ тағала бүкіл халықтың тағдырларын көктер мен жерді жаратудан елу мың жыл бұрын жазып койған», — деп айтып тұрғанын естідім», — делінген.
Машииғат مشيئة Машииғат – Ерік:
Барлық орын алатын нәрселер тек Аллаһтың қалауымен ғана болады деп сену. Өзінің ісіне қатысты не мақлұқаттардың ісіне қатысты болсын, бәрібір. Өзінің ісіне байланысты Аллаһ тағала:
– الخلق әл-Халақ – Жарату және (дене) қалыпқа келтіру: «Иман негізінің түсініктемесі», Шейх Мұхаммад ибн Салих әл Усеймин, әл-Баракат баспасы, 2010
Тағдырдың жақсылық жамандығына сену Иман шарттарының алтыншысы - тағдырға иман. Тағдыр - араб тіліндегі «қадар» сөзінен шығып «өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» ұғымдарын білдіреді. Ал діни терминологиядағы мағынасы ‑ әлем жаратылғаннан бастап, болмыста болатын бүтін құбылыстар мен жаратылыстардың қашан болатындығын, мезгілін, орнын, мекенін, ерекшеліктері мен сипатын Аллаһ Тағаланың ежелден яғни әу бастағы ілімімен белгіленіп, өлшеніп қоюымен байланысты.
Сыртқы сілттемелер
Санат:Иман Санат:Ислам