Ұша үйту - көбінесе шошқаға тән жұмыс. Оның ұшасын терісін алмай өңдейді. Бірінші тәсіл бойынша қансыратудан соң шошқаның ұшасын конвейерден ыстық су (62-65 С) шараға түсіреді де, онда 3-5 минут ұстайды. Мұндағы мақсат теріден доңыз кылшықты және терінің сыртқы қабығын-эпидермисті бөліп түсіру. Бұдан кейін, доңыз қылшықтан түгелдей тазалау үшін тарақша машинкадан өткізеді, қалған доңыз қылшықты қолмен тазалайды. Әрі қарай ұша күйдіретін пешке түседі, онда 100 градус ыстықта 15-20 минуттай үйтеді. Үйтіліп болған ұшаны тазалайды және оңдап жуады, ішіндегі мүшелерді алып, етінен трихинеллезға зерттеу үшін сынама алады. Терісімен алынған ұша бекон етін дайындауға, ия болмаса жалпы ет дайындауға пайдаланылады.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6

Дереккөздер

Санат:Мал шаруашылығы