Ятрофа () — 150 жуық түрі бар, сүттіген тұқымдасына жатады. Америка мен Африканың тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаш, бұта және көпжылдық шөптесін түрінде болады. Бәрінің құрамындағы сүтті шырыны улы болып келеді.
Шыққан жері - Орталық Америка. Суккулентке жатады. Бұл гүлдің пішіні бөтелке тәрізді, діңінің төменгі жағы жуан, биіктеген сайын жіңішкере түседі. Негізінен бұл өсімдік тастақ шөлдерде өсетіндіктен, бойына суды жинау үшін пішіні осылай қалыптасқан. Биіктігі 50-70 см. аралығында. Жылда маусым-шілде айларында гүлдейді. Кейде жапырақтарынан бұрын гүл сабағы пайда болады.
Жарығы жарық сүйгіш. Тіке түскен күн сәулесіне төзімді.
Жылуы жазда +20 +250С, қыста +10 +150С температурада өсіреді.
Суғарылуы жазда топырағының беткі қабатын құрғатып барып суғарады. Қыста жапырақтары түсіп, жаңа өркен шығарғанға дейін суғармайды.
Ылғалдылығы құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді, дегенмен де жапырақтарын тазарту мақсатында су бүркіп жуып немесе дымқыл матамен шаңын сүртуге болады. Ескертетін жай, су бүркігенде діңіне су тигізбеу керек. Ол үшін қағазбен діңін орап қойған дұрыс.
Қоректендірілуі көктем, жаз мезгілдерінде ятрофаны кірпігүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіру керек.
Аурулары ауруға сирек шалдығады. Кене және трипс зиянкестері ауру түсіреді. Мөлшерден артық суғаруға болмайды. Өз бойында ылғалды ұстап тұру мүмкіндігі бар өсімдік болғандықтан, артық құйылған судан тамыры мен діңі тез шіріп кетеді.
Көбейтілуі қалемшелеп көбейтеді. Тұқым арқылы көбейтуге болады. Бірақ бұл әдіс қиындау.
Әдебиет «Гүлстан» республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Санат:Сүттігендер