Бейімбет Майлин ауданы (2019 жылғы 24 маусымына дейін Таран ауданы) — Қостанай облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1936 жылы құрылған. Жер аумағы 7,6 мың км². Орталығы — Әйет ауылы. Аудан жазушы және ақын Бейімбет Майлин құрметіне аталған.
Географиялық орны Бейімбет Майлин ауданы шығысында Әулиекөл, батысында Денисов, оңтүстік-батысында Қамысты, солтүстігінде Фёдоров, Қостанай аудандарымен және Ресеймен шектеседі.
Аудан жері негізінен жазық.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024ҚР халық санақтары 21502 53516 71177 49227 52217 39206 37900 35934 33619 31417 30069 29150 28430 28338 28054 29403 28967 28449 27920 27704 27353 26841 26380 25965 25432 24853 24251 23712 23550 22888 22543 Тұрғындар саны – 24 853 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 27,41%, орыстар – 43,49%, украиндар – 12,80%, немістер – 7,81%, беларустар – 2,69%, татарлар – 1,85%, әзербайжандар – 0,93%, башқұрттар – 0,48%, армяндар – 0,43%, молдовандар – 0,36%, мордвалар – 0,26%, удмурттар – 0,25%, басқа ұлт өкілдері – 0,24%.
Әкімшілік бөлінісі 34 елді мекен 1 кенттік әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Асенкритов ауылдық округі Асенкритовка ауылы 6 1649 Әйет ауылдық округі Әйет ауылы 5 5684 Байшуақ ауылдық округі Байшуақ ауылы 2 1215 Белинский ауылдық округі Қайыңдыкөл ауылы 3 485 Калинин ауылдық округі Береговое ауылы 3 2608 Май ауылдық округі Майское ауылы 2 2099 Новоильин ауылдық округі Новоильиновка ауылы 8 2425 Павлов ауылдық округі Павловка ауылы 3 838 Тобыл кенттік әкімдігі Тобыл кенті 2 6612
Дереккөздер