Отар — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Отар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 69 км-дей жерде, Қопа жазығының боз жусан аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптесін өскен шөлді белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4540 4896 107,8 2239 2471 110,4 2301 2425 105,4
Тарихы Іргесі 1928 жылы Түрксіб темір жол салуға байланысты қаланды. 1973 жылы Жамбыл облысының Красногор ауданының орталығы болып келді. Ауданы таратылып, Қордай ауданына берілген соң, ауылдық округ орталығы болып қалды.
Кәсіпорындары Отарда ауыл шаруашылығы техника, химия бірлестіктері, жұмыс қажетін өтеу комбинаты, мұнай базасы, өндірістік кооперативтер мен ЖШС-терге, шаруа қожалықтарына біріктірілді.
Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, аурухана, емхана, т.б. мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар. Отар арқылы Тараз – Алматы автомобиль және темір жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері