Даниал Кенжетайұлы Ахметов (15 маусым 1954 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, экономика ғылымдарының докторы (2003).

Бұрын Ахметов Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992–1993), Павлодар облысының әкімі (1993–1997), Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (1997–1999), премьер-министр орынбасары (1999–2001), Павлодар облысының әкімі (2001–2003), елдің премьер-министрі (2003–2007) және Қорғаныс министрі (2007–2009) болған.

Ахметов әкімдігі кезіндегі непотизм және нашар қызметі үшін Қазақстан саясатында даулы тұлғаға айналды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен әкім (2014–2023) болды.

Қысқаша өмірбаяны Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан.Қанжығалы шежiресi, Құрастырушылар Ғ.Умаров, Қ.Әлімжанов, бас редактор Негимов Серік 558 бет, Астана 2017 - ISBN 9786013026701 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.

Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/about/structure/people/312?lang=kk «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған. 1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. 1976–1981 ж. — «Павлодар тұрғын үй құрылыс» тресінде мастер, аға прораб. 1981–1983 ж. — Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы. 1983–1987 ж. — «Екібастұз шахта құрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы. 1987–1991 ж. — Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1992 ж. бастап — Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы. 1993–1997 ж. — Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 1997–99 жж. аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1999 ж. қазанынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды. 2001 ж. қарашасынан бастап — Павлодар облысының әкімі болды. 2003 жылдың маусымынан бастап — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған. 2003 ж. Мәскеуде «Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы. Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұз шахта құрылыс» тресінің жетекшісі, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi. 2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты. 2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 2019 жылғы 17 маусымда — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды. 2022 жылдың 3 наурызы — облыс әкімдерінің рейтингінде бірінші орынды иеленді. Даниал Ахметовтің көрсеткіші 86% құрады. 2022 жылғы 11 маусымда — ҚР Президенті Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымындағы өкілеттігін ұзартты. 2022 жылғы 7 желтоқсанда — ҚР Президентінің Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, қайта тағайындауды барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының көпшілігі қолдады. 2023 жылғы 16 маусым — Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды.

Марапаттары 1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже 2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже «Құрмет белгісі» «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008)

Отбасылық жағдайы Үйленген. Ұлы мен қызы баp.

Дереккөздер

Санат:Павлодар мемлекеттік университеті түлектері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан премьер-министрлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:Павлодар облысының әкімдері Санат:Солтүстік Қазақстан облысының әкімдері Санат:Шығыс Қазақстан облысының әкімдері Санат:Екібастұз әкімдері