Ақпанның 19 — Григориан күнтізбесінде жылдың 50-ші күні. Жылдың аяғына 315 (кібісе жылдарда 316) күн қалады.
Мерекелер
— Дүниежүзілік киттер күні.
Армения — Арменияда кітап сыйлау, алмасу күні. Қырғызстан — Қаржы полициясы қызметкерлерінің күні. Түркіменстан — Түркіменстан мемлекеттік туының күні.
Оқиғалар
Туғандар 1473 - Николай Коперник, дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы. (1543 жылы қайтыс болған).
1952 — Рю Мураками, жапон жазушысы, сценарист, режиссёр.
1921 жылы – қазақтың көрнекті заңгері, қоғам қайраткері, академик Салық Зиманов дүниеге келді. Тәуелсіздіктің елең – алаң шағында Парламент депутаты ретінде танытқан бөлекше біліктілігі ел есінде. Атап айтқанда, Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның мәтіні бас – аяғы үш тәулік ішінде жазылып біткен болатын.
Қайтыс болғандар 779 жыл — Ибрахим бин Әдхам хазіреттерінің мәңгілік сапарға аттануы 1951 — Андре Жид, француз жазушысы (1869 жылы дүниеге келген). 1997 — Дэн Сяопин (Дың Шяупин)(туылғаннан Дэн Сяньшэн) - Қытайдың мемлекет және қоғам қайраткері.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 (1902жылы дүниеге келген).
Сыртқы сілтемелер
Санат:19 ақпан