Мұнайшы — Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл (2013 ж. дейін - кентҚарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін "ауыл" санатына жатқызу туралы), Мұнайшы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орналасуы Аудан орталық Құрық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км, Жетібай ауылынан оңтүстікке қарай 15 км, Қарақия ойысынан шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1975 жылы осы өңірде ашылған мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланды. Мұнайшы ауылының әкімдігі 1 қараша 1991 жылы Қарақия ауданы әкімінің шешімі негізінде құрылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2014 жылғы №308 бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың 11.12.2014 жылғы №21/331 санды шешімі негізінде Мұнайшы селосы "ауыл" болып өзгертілді.http://karakia.mangystau.gov.kz/page/view/3796

Халқы 1979 1989 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 4184 3754 3065 4647 5209

Экономикасы Мұнда мұнай-газ өндіру кәсіпшілігі, байланыс бөлімшесі, т.б. мекемелер орналасқан.«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Инфрақұрылымы Жетібай стансасында заманауи 624 орындық жаңа мектеп салынып, 2016 жылдың 1 – ші қыркүйек күні халық игілігіне пайдалануға берілген болады. 2014 жылы заманауи 140 орындық «Еркемай» балабақшасы пайдаланылуға берілді. Осы балабақшаға көлік қатынасын жақсарту мақсатында 700 метр қатқыл табанды көлік жолы салынды. 2015 жылдың тамыз айында аусымына 40 науқасты қабылдауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимараты салынды. Қазіргі таңда амбулатория жоғарғы білімді дәрігер мамандармен толықтырылды. Мәдениет үйі тарапынан жоспарланған мәдени шаралар уақытылы өткізілде. Қазіргі таңда, мәдениет үйінде би үйрмесі жұмыс жасауда, оған 30 оқушы қатысады. Бейнелеу үйірмесі ашылып, оған 16 оқушы қатысады. 2016 жылы қосымша қолөнер үйірмесін ашу жоспарланды.

Дереккөздер

Санат:Қарақия ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері